Қазақстан мен Беларусь басшылары қандай келісімдер бекітті? - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Беларусь басшылары қандай келісімдер бекітті?

Қазақстан мен Беларусь басшылары қандай келісімдер бекітті?

Тараптар сауда-экономикалық әріптестікті кеңейтуді және саяси, мәдени-гуманитарлық салалар мен халықаралық құрылымдар аясындағы өзара іс-қимылдарды талқылады.

  • 27 Қазан 2019
  • 22
Фото - Caravan.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Лукашенко шағын және кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізгеннен кейін екіжақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеріп, өзара серіктестікті одан әрі жандандыратын және халықаралық аренадағы іс-әрекеттерді үйлестіретін Бірлескен мәлімдемеге қол қойды.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан мен Беларусь басшылары келіссөздер қорытындысы бойынша мынадай құжаттарға қол қойды:

  • Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
  • Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Беларусь Республикасының Тергеу комитеті арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Беларусь Республикасының Президенті жанындағы Жедел-талдау орталығы арасындағы жедел-техникалық саладағы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жасау туралы келісім;
  • Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының Сыртқы істер министрліктері арасындағы 2020-2021 жылдарға арналған ынтымақтастық жоспары;

  • Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Беларусь Республикасының Мемлекеттік мүлік комитеті арасындағы жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша келісім;
  • Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Беларусь Республикасының Ұлттық ғылым академиясы арасындағы Жерді қашықтықтан зондтау деректерімен алмасу саласындағы ынтымақтастық туралы келісім.