Алматыда есірткі дайындайтын жасырын зертхана әшкереленді - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда есірткі дайындайтын жасырын зертхана әшкереленді

Алматыда есірткі дайындайтын жасырын зертхана әшкереленді

ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша Департаменті синтетикалық есірткілерді дайындайтын жасырын есірткі зертханасы іс-әрекетінің жолын кесті.

  • 28 Қазан 2019
  • 12
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

2019 жылғы 24 қазанда жедел-іздестіру шараларын өткізу нәтижесінде оның жұмыс істеуін ұйымдастырған Алматы қаласының тұрғыны ұсталды.

Зертхана жайында 2 келіге жуық синтетикалық есірткілер (балама түрде 2 мың дозаға жуық) және 526 литр прекурсорлар алынып, олар сот-химиялық сараптамаға жіберілді.

Дайын психотропты заттарды сату Telegram және VIPole мессенджерлеріндегі интернет-дүкендері арқылы жүзеге асырылған.

Ұсталған "А" есімді азаматтың тұрғылықты жері бойынша сондай-ақ есірткі сататын ірі интернет-дүкендерінің бірі "Алтын Орда" логотипі бар визит картасы мен оттық шақпақ алынды.

Аталған факті бойынша ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша Департаменті ҚК 297-бабы 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адам тергеу изоляторына орналастырылып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.


Іс-шаралар ұлттық қауіпсіздік органдары өткізіп жатқан арнайы операциясының заңдылығына қатаң қадағалау жасаған Алматы қаласының прокуратурасымен бірлесіп жүзеге асырылды.