Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Көк-Жайлау" тау-шаңғы курортының құрылысы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
— Тағы бір проблема. Бұл "Көк-Жайлау" тау-шаңғы курорты құрылысы туралы жоспар. Бұл мәселеге қайта-қайта орала бермеуіміз үшін мен бүгін ол жобаның құрылысына тыйым саламын. Құрылыстың керегі жоқ. Бізге керек емес, — деді Президент Алматы қаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту мәселелері жөніндегі кеңес аясында.
Мемлекет басшысы бұл жобаға кәсіби экологтер мен қоғам өкілдері қарсы екенін атап өтті.