Мемлекет басшысы Іле-Алатауы ұлттық паркінде заңсыз берілген жерлерді қайтаруды жүктеді - kaz.caravan.kz
  • $ 495.1
  • 583.72
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы Іле-Алатауы ұлттық паркінде заңсыз берілген жерлерді қайтаруды жүктеді

Мемлекет басшысы Іле-Алатауы ұлттық паркінде заңсыз берілген жерлерді қайтаруды жүктеді

 

  • 29 Қазан 2019
  • 20
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне заңсыз берілген жерлерді қайтаруды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Іле-Алатауы ұлттық паркінің басшылығы жеке тұлғаларға жерді заңсыз беруінің, учаскелердің мақсатсыз қолданылуының фактілері бар. Жеке тұлғаларға 20 гектардан астам 67 жер бөлігі заңсыз берілген. 58 жер телімінің 24-і мақсатсыз пайдаланылған. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне әкімдікпен бірге әрбір фактінің мән-жайын анықтап, заңсыз берілген жерлерді қайтару бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырамын», — деді Президент Алматыны әлеуметтік-экономикалық дамытуға арналған отырыста.