"Бас бостандығымнан айырмаңыздаршы": Ақтауда баланы жұлқылаған тіс дәрігері қамауға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бас бостандығымнан айырмаңыздаршы": Ақтауда баланы жұлқылаған тіс дәрігері қамауға алынды

"Бас бостандығымнан айырмаңыздаршы": Ақтауда баланы жұлқылаған тіс дәрігері қамауға алынды

 

  • 6 Қараша 2019
  • 60
Фото - Caravan.kz

Ақтау қаласында қолынан кішкене бала зиян шеккен тіс дәрігері қамауға алынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Медициналық сараптама қорытындысы бала денсаулығына зиян келгенін көрсетті. 5 қарашада дәрігерді жазалау шарасы таңдалды. 

«Дәрігер өзінің кінәсін мойындады, түсініп отыр. Біз оның әрекетінің ауырлығын ескердік. Оны үш тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалды. Ол өзін бас бостандығынан айырмауды, жазасын айыппұл төлеу арқылы өтеуді сұрады», — деді Ақтаудың әкімшілік сотының судьясы Алтай Қонысов. 

Сондай-ақ, ол дәрігерге қатысты айыппұл түріндегі жазаны қолдану мүмкін еместігіне тоқталды. Бұл зиян шегушінің мүгедектігімен байланысты. 


Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желілерде Маңғыстау облыстық стоматологиялық орталығында бақылау камераларынан дәрігерді баланы жұлқылап жатқан видеосы таралған еді. Маңғыстаулық тіс дәрігері балаға дөрекілік көрсеткен себебін түсіндірді.