Нұр-Сұлтанда күйеуі үстіне бензин құйып өртеп жіберген әйел көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұр-Сұлтанда күйеуі үстіне бензин құйып өртеп жіберген әйел көз жұмды

Нұр-Сұлтанда күйеуі үстіне бензин құйып өртеп жіберген әйел көз жұмды

Нұр-Сұлтан қаласында күйеуі үстіне бензин құйып, өртеп жіберген әйел көз жұмды.

  • 11 Қараша 2019
  • 19
Фото - Caravan.kz

Оның денесінің 75 пайызын күйік шалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі елордадағы Травматология және ортопедия ғылыми зерттеу институтының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Институттағылардың мәліметінше, денесін күйік шалған әйел 10 қарашада түнгі сағат 1:35-те көз жұмған. 

Еске сала кетсек, қазан айының басында елордада отбасылық жанжал кезінде күйеуі әйелін алдымен аямай ұрып-соғып, артынша үстіне бензин құйып, өртеп жіберген еді. 


Нұр-Сұлтан қалалық полициясы оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің «Кісі өлтіру» бабына сәйкес іс қозғалғанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторында отыр.