«Көлік жүргізу мәдениеті әлі де төмен»: ІІМ өкілі журналистер алдында есеп берді - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Көлік жүргізу мәдениеті әлі де төмен»: ІІМ өкілі журналистер алдында есеп берді

«Көлік жүргізу мәдениеті әлі де төмен»: ІІМ өкілі журналистер алдында есеп берді

Сондай-ақ, ол тәуелсіздік алғалы бері елімізде 83 мың адам жол-көлік оқиғасынан қаза тапқанын айтты.

  • 15 Қараша 2019
  • 21
Фото - Caravan.kz

Елімізде көлік жүргізу мәдениеті төмен. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Марат Тұяқбаев айтты, деп жазды sn.kz

«2013 жылдан бері жол-көлік оқиғалары, соның ішінде жарақат алғандар мен қаза тапқандар саны азайып келе жатқанмен, бей-жай қарауға және әрекетсіз болуға болмайды», — дейді Марат Тұяқбаев.

Ол жыл басынан бері жол-көлік оқиғалары мен соның салдарынан қаза табушылар саны азайып келе жатқанын айтты.

«Зардап шеккендердің 40%-ы — жаяу жүргіншілер. Жыл сайын жол қозғалысы ережелерін бұзу жағдайлары миллиондап тіркеледі. Бұл елімізде көлік жүргізу мәдениеті әлі де төмен екенін білдіреді», — дейді ол.


Сондай-ақ, ол тәуелсіздік алғалы бері елімізде 83 мың адам жол-көлік оқиғасынан қаза тапқанын айтты.

#