Батыс Қазақстан облысында автокөлік аударылып, екі адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 17 қараша күні таңғы сағат 07.30 шамасында болды. Чапаев-Жаңақала жолында Жаңақала ауданы Қызылоба ауылы тұсында «Тойота Ланд Крузер» автокөлігі аударылды.