Үшаралда жантүршігерлік жол апатынан екі адам қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үшаралда жантүршігерлік жол апатынан екі адам қайтыс болды

Үшаралда жантүршігерлік жол апатынан екі адам қайтыс болды

Жол-көлік оқиғасы Үшарал қаласында болған

  • 18 Қараша 2019
  • 11
Фото - Caravan.kz

Алматы облысындағы Үшаралда жол апатынан екі адам қаза тауып, тағы екеуі жарақат алды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы Үшарал қаласында болған. 18 қарашада BMW 530 автокөлігі қаладағы орталық көшелердің бірінде ағашқа соқтығысқан. 

"Жол апатынан 23 жастағы жүргізуші мен жолаушы қаза болды. Тағы екі адам әр түрлі дене жарақатымен Алакөл аудандық ауруханасына түсті. Жол апатының мән-жайы тексеруден кейін белгілі болады", — делінген Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.