Айгүл Орынбек Ахметбек Нұрсила туралы: Халықты малға теңегендерді теледидардан аластату керек! - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Айгүл Орынбек Ахметбек Нұрсила туралы: Халықты малға теңегендерді теледидардан аластату керек!

Айгүл Орынбек Ахметбек Нұрсила туралы: Халықты малға теңегендерді теледидардан аластату керек!

Блогер әрі заңгер Айгүл Орынбек "баспанасыз қазақтарды адам деп санамаймын", - деген Ахметбек Нұрсиланы сынға алды.

  • 19 Қараша 2019
  • 2411
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасына жазды.

"Өзі халықтың арқасында күнін көріп отырып, халықты хайуанға теңеп отырғой мына кісі!
Халықтың басын қатырып, бай болудың жолын үйретіп ақша тауып жүрген осылар, халықты хайуанға теңеген соң, шенеуніктерге ренжімесекте болады екен ғой! Осылар сұқбат берер де не шегіп алады екен? Әлде билікке жақсы көріну үшін мүмкіндікті пайдаланып айта ма екен? 
Халықты хайуанға, малға теңегендерді теледидардан аластату керек", — деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, "Бизнес бастау" шеберлік мектебінің жетекшісі Ахметбек Нұрсила бүгінгі күні үйі жоқ адамдарға қатысты ойын ашық айтып, сынның астында қалған еді.


Кәсіпкер Асхат Садырбайдың "Не істейміз?", — бағдарламасына берген сұхбатында үйі жоқ адамдарды жануарлардан да төмен екенін айтқан болатын.