Оралдағы трагедия: қаза болған қыздың денесін бөтен адамдарға берді - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралдағы трагедия: қаза болған қыздың денесін бөтен адамдарға берді

Оралдағы трагедия: қаза болған қыздың денесін бөтен адамдарға берді

Көз жұмған қыздың денесін Оралдан 500 шақырым жердегі ауылға апарған. Баланы трагедия болған жерде жерлеуі тиіс еді

  • 22 Қараша 2019
  • 19
Фото - Caravan.kz

Мәйітхана қызметкерлері жол апаты салдарынан қайтыс болған қыздың денесін қателесіп, басқа ауылға жіберген.

Айарудың әкесі Асылхан Қазиевтің айтуынша, ол мәйітханаға келгенде қыздың денесін басқа ауылға алып кеткенін білген.

"Біз қызымызды жерлеуге дайындалып жатыр едік. Мен мәйітханаға бардым. Қызметкерлер құжаттарды көрсетіп, қызымның денесін алып кеткенін айтты. Сайхиндегі отбасы да қайғыдан қан жұтып отыр екен. Олар балаларын алып кетуге менен екі сағат бұрын келген. Оларға қателесіп, Айарудың денесін берген", — дейді қыздың әкесі "Уральская неделя" басылымына.