Олар тез арада жансақтау бөліміне жатқызылып, ота жасалуда. Көмекке санитариялық авиациямен бір топ нейрохирург шақыртылды. Шымкенттен жеткен мамандар науқастарға операция жасап жатыр. Тағы үш адам аурухананың жарақат бөліміне жатқызылды. Төрт адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, олар үйлеріне қайтарылды, — деп хабарлады басқарманың баспасөз хатшысы Сәуле Алжанбаева.