K-pop жұлдызы 28 жасында өз-өзіне қол жұмсап, қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
K-pop жұлдызы 28 жасында өз-өзіне қол жұмсап, қайтыс болды

K-pop жұлдызы 28 жасында өз-өзіне қол жұмсап, қайтыс болды

Оңтүстіккореялық әнші әрі актриса Гу Хара Сеулдегі үйінде өлі күйінде табылды, - деп хабарлайды Newsweek. 

  • 25 Қараша 2019
  • 295
Фото - Caravan.kz

28 жастағы K-pop жұлдызының денесі жексенбіде кешкісін табылған. Оның неден қайтыс болғаны әзірше белгісіз. Полицейлер тергеу жүргізіп жатыр. 

Бір күн бұрын әнші Instagram-парақшасында суретін жариялап, "Қайырлы түн!" деген жазба қалдырған.

Гу Хара Kara тобының құрамында танымал болған. Ұжым 2007-2016 жылдар арасында жұмыс істеген. Сондай-ақ әнші жеке де өнер көрсетіп, сериалдарға түскен. Бірнеше күн бұрын ол Жапонияда жаңа бағдарламасымен концерт қойған. 


Биыл мамырда Хара өз-өзіне қол салмақ болған, оны ес-түссіз жатқан жерінен менеджері тауып алып, ауруханаға жеткізген.