Бірінші – жалақыны уақытылы төлеу. Жалақы бойынша берешекті өтеу мәселесі ерекше бақылауда. Соңғы үш жылда жалақы берешегінің өтелуі бойынша оң үрдіс байқалды. Атап айтқанда 2018 жылдың басымен салыстырғанда жалақы берешегі 34%-ке немесе 740 млн теңгеге, ал жыл басынан 560 млн теңгеге төмендеп, қазіргі таңда ол 1 млрд 420 млн теңгені құрады. Берешектің басым бөлігі Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары, Ақтөбе облысына тиесілі. Жыл басынан берешекке жол берген кәсіпорындар басшыларына 1200 ұйғарым беріліп, 160 млн теңгеге айыппұл салынды. Қабылданған шаралар нәтиесінде 36 мыңнан астам жұмыскерлердің құқықтары қорғалып, 5 млрд 100 млн теңге ағымдағы берешегі өтелді, — деді Нұрымбетов.
Министр қабылданған шараларды күшейту мақсатында бүгінде еңбек инспекторларының ұйғарымын сот орындаушыларының атқару құжаттары тізбесіне енгізу және жұмыс берушілердің жалақы төлемегені үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейту мәселесі шешіліп жатқанын айтты.