Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
"Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне BEK AIR ЖШС әуекомпаниясының құрылтайшыларына қатысты БАҚ-тың көптеген сауалхаты түсті. Заңға сәйкес ЖШС-ның аффилиирленген тұлғалары туралы мәліметтер қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия ақпарат болып саналмайды. Бұл ретте ЖШС құрылтайшылары мен қатысушылары оның үлестес тұлғалары болып табылады", — деді Әділет министрлігінің өкілдері.
"Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінің мәліметінше, BEK AIR ЖШС 2011 жылдың 12 мамырында тіркелген. Басшысы — Монахов Владимир Михайлович, құрылтайшысы — Жарқымбаев Сәкен Тоқпайұлы. 2017 жылдың 18 сәуірінде құрылтайшының ауысуына байланысты (Шүленбаев Дамир Маратұлы) қайта тіркеу жүргізілді", — делінген хабарламада.
"Үш рет басшы ауысқан. 2013 жыл 29 шілде — Жұмасұлтанова Айгүл Файзуллақызы, 2016 жыл 18 шілде — Жұмасұлтанова Дина Нұрланқызы. 2019 жылыы 25 сәуір — Бияхметов Рустам Ілиясұлы", — деп қосты министрлік өкілдері.
Осыған дейін, Bek Air әуекомпаниясының басқарма төрағасы Нұрлан Жұмасұлтанов бұрындары авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру жөніндегі басқарманы басқарғаны айтылды.