Бұл туралы ҚазАқпарат Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Мақтаарал ауданының шаруалары қаңтардың қақ ортасында диқаншылықты бастап жіберді.
Ерте өнім беретін қырыққабат дақылын егу науқанына қазірдің өзінде 10-нан астам бригада қатысып, қызу жұмыстар жүруде.
Егінді ерте бастаған серіктестіктің бірі – шаруа қожалығы. Серік Сәдуовтың басшылығындағы қожалықтың еншісінде 4,5 гектар жер бар, соның барлығына қырыққабат дақылы егіліп жатыр. Жалпы саны 60 адамнан құралған бригада қаңтардың әрбір күнін тиімді пайдаланып, жауын-шашынға қарамастан жұмыс істеуде. Өнім негізінен 2 айдың көлемінде пісіп жетіледі. Сондай-ақ, шаруа қырықабаттың 90 күнде жетілетін сортын да еккен.
Мақтааралдық диқандар негізінен салмағы 1-1,5 келіден аспайтын қырыққабаттың пандион, ринда, фарао сұрыптарын отырғызуда. Ерте пісетін өнім түріне еуропалықтар мен ресейліктер тарапынан сұраныс көп. Қазірдің өзінде «Мақтарал» ауылдық округінде 50 гектардан астам жерге қырыққабат егілген.
Соңғы жаңалықтар
"Бірде олай, бірде бұлай, уақыты келгенде бәрі болады": Гүлзира Айдарбекованың Жұлдыз жайлы жазбасы желіні шулатты
Мәдениет
3 Мамыр
Бишімбаев ісі қандай мәнге ие болды?
Жаңалықтар
3 Мамыр
Балмұздақ тиеген көлік 29 баланы қағып кеткен
Жаңалықтар
3 Мамыр
Бишімбаев жазадан құтылып кетсе, мұндай елде қалудың себебі жоқ - адвокат
Жаңалықтар
3 Мамыр
Netflix Алматыда реалити-шоу түсіреді
Жаңалықтар
3 Мамыр
"Су тасқыны": Бұқтырма өзенінің су деңгейі көтерілген
Жаңалықтар
3 Мамыр
"Баламның денесін тығып тастағандарын дәлелдей алмадық": Серікзат Дүйсенғазының марқұм ұлына қатысты сот отырысы аяқталды
Жаңалықтар
3 Мамыр
Су тасқыны: мемлекет 13 мыңнан астам отбасыға көмек беріп үлгерген
Жаңалықтар
3 Мамыр
Гаджетке қараудан қолы босамайтын ұрпақтан интеллектуалдар шықпайды
Жаңалықтар
3 Мамыр