Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Теміртау полицейлері күдіктіні анықтап, ұстаған. Ол өз кінәсін мойындап, қызды тонап кетпек болғанын айтқан. Оқиға 23 қаңтарда болған. Шабуыл видеоға түсірілген.
"Полиция қызметкерлері ер адамның қызға шабуыл жасап, сөмкесін тартып алмақ болғаны түсірілген видеоны тексерді. Әлеуметтік желілерге бақылау жүргізген полицейлер 33 жастағы жәбірленушіні анықтады. Ол полицияға арыз жазып, Старогород полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің "Тонауға оқталу" бабы бойынша соталды тергеуді бастады. Жүргізілген шаралар мен видеобақылау камерасындағы видеоны тексере келе полицейлер қаланың 40 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол ісін мойындады, жәбірленуші оны таныды", — деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.