"Әсел өзі бас тартты": Айқын Төлепберген экс-жұбайы туралы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Әсел өзі бас тартты": Айқын Төлепберген экс-жұбайы туралы айтты

"Әсел өзі бас тартты": Айқын Төлепберген экс-жұбайы туралы айтты

Айқынның жаңа түсірген «Где мое кольцо?»  деп аталатын фильмінде екі әйелі бірге түсуі керек болған. Алайда соңғы сәтті экс-жұбайы Әсел киноған түсуден бас тартқан.

  • 21 Ақпан 2020
  • 888
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz  медиа-порталы хабарлайды  «TalkLike» бағдарламасына сілтеме жасап.

Айқынның айтуынша, бұл фильм кинопрокатка сәуір айында шығады және фильмнің бастапқы идеясы жайлы айтып өтті.

«Негізі фильмнің атауы басқаша болатын, кейіннен ақылдаса келе атауын өзгерттік. Өйткені бастапқы тақырып өтпей қалады деп ойладық. Тіпті сценарийінде де өзгеріс енді. Негізі киноған Әселмен Жұлдыз түсуі керек болған. Әсел келісім берген баста жарайды түсем деп.Кинода екеуі құрбы болып ойнайтын болды, телефонмен сөйлесіп мені жамандайтын жерлері бар еді. Қысқасы құрбылар ретінде жақын ойнауы керек болған. Бәрі дайын болған кезде Әсел өзі бас тартты, қырсығып тұрып алды. Жоқ, мен түспеймін. Ертең көшеде бәрі мені көргенде таниды. Көрсететін болады мені мынау Айқынның бірінші әйелі деп, мен жүргім келмейді олай деді. Өздерің Санта-Барбара болып түсе беріңдерші мен түспеймін деді. Сонымен сценарий аяқ асты өзгеріп кетті», —дейді Айқын мырза.


Фильм түсіріле басталғанда экс-жұбайымен әнші арасында келіспеушіліктер болып оған ренжіген. Айқын кейіннен оны да түсінетіндігін айтты.

Басында екі отбасын бірдей ұстауға тырысқан Айқын олай болмайтындығын да кейіннен түсініпті. Қазіргі заңды әйелі Жұлдыз Өмірғалидің жұлдызын жаққысы келетінін де жасырмайды.