Жаңаөзенде коронавирус таралды деп мәлімет таратқан медбике жұмысынан айырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңаөзенде коронавирус таралды деп мәлімет таратқан медбике жұмысынан айырылды

Жаңаөзенде коронавирус таралды деп мәлімет таратқан медбике жұмысынан айырылды

Жаңаөзенде қалалық аурухананың медбикесі WhatsApp мессенджерінде коронавирус туралы жалған мәлімет таратқан.

  • 4 Наурыз 2020
  • 17
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Әйелдің айтуынша, ол осылайша туыстарын алдамақ болған.

Басылымның мәліметінше, кеше, 3 наурызда WhatsApp мессенджерінде Жаңаөзенде коронавирус жұқтырғандар анықталды деген хабарламалар тарай бастаған. Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бұл мәлімет шындыққа жанаспайды және Жаңаөзенде коронавирус тіркелген жоқ.

Жалған хабарлама таратқан әйелдің аты-жөні анықталды, оның есімі — Арухан Шырақбаева.


Шырақбаеваның айтуынша, ол қалалық ауруханаға вирус жұқтырды деген күдікпен Оңтүстік Кореядан студент қыздың келгенін айтты. Осыдан кейін ол тұрғындарынан кешірім сұрап, видео жариялады.

Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Шырақбаева өз еркімен жұмыстан кету туралы өтінішін берген.