Тараздық келіншек "Гарант 24" ломбардына өз үйін өткізіп жіберіп, далада қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тараздық келіншек "Гарант 24" ломбардына өз үйін өткізіп жіберіп, далада қалды

Тараздық келіншек "Гарант 24" ломбардына өз үйін өткізіп жіберіп, далада қалды

Тараздық келіншек анасының еңбектеп алған үйін "Гарант 24" ломбардына өткізіп жіберіп, далада қалған.

  • 4 Наурыз 2020
  • 56
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жансая Бекбауова үйден шықпай, ақшаның астында қаламын деп ойлаған. Ол Гарант 24 ломбардың өтірігіне өлердей сеніп, анасынан қалған қара шаңырақты өз қолымен өткізіп жіберген.

Келісім шартта 4 айдан кейін қаржысы еселеніп қайтуы тиіс еді, бірақ теңгенің орнына, үйдің жаңа иелері келген.

“Үйге келіп, “біз үйді сатып алған жаңа хозяйнбыз”, — деді. Хозяйн болсаң өзіңе, үйді босатпаймыз дедім. Ол менің анамның қара терімен алған үйі, мен оны неге беруім керек”, -деді.

Ағам мен інім 12 миллионға сатып, 6 миллионнан бөліп алмақ болды. Жарнамасын ғаламторға шығарғанбыз, олардың өздері хабарласты. Солай үйді ломбардқа тікті, 12 миллионды төрт айда бөліп береміз деді. Біріншісін ағама берген ”3 миллионды 35 %-бен депозитке салып қойсаңыздар болады”, — деген. 3 миллионды депозитке салған, бір айдан кейін барса қашып кеткен, ешкім жоқ.