Коронавирустан көз жұмған әйелдің Алматыда араласқан адамдары анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Коронавирустан көз жұмған әйелдің Алматыда араласқан адамдары анықталды

Коронавирустан көз жұмған әйелдің Алматыда араласқан адамдары анықталды

Нұр-Сұлтанда коронавирустан қайтыс болған әйел Алматыда алты адаммен жақын қарым-қатынаста болған. Олардың барлығы оқшауланды. 

  • 27 Наурыз 2020
  • 67
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап хабарлайды.

"Біз өңірдегі әріптестерімізден ақпарат алдық. Бүгінде Алматы қаласы бойынша жақын байланыста болған 6 адам анықталды. Олардың бәрі қаланың провизорлық ауруханаларына оқшауланды", деді Әбілдаев Алматыда өткен онлайн брифингте.

26 наурызда астана ауруханасында Қосшы ауылының 64 жастағы тұрғыны коронавирус инфекциясынан қайтыс болды.

Марқұм 13-17 наурыз аралығында Алматы мен Шу қалаларында қонақта болған. Шетелге шықпаған.

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының ақпаратынша, өлім себебі – екі жақты пневмония, тыныс алудың қиындауы, қант диабеті, гипертония және атеросклероз кезіндегі сепсис. Пневмонияға коронавирус себеп болған.


"Пациентпен байланыста болған адамдар анықталып, оқшауланды. Коронавирусқа анализ алынды. Қажетті эпидемияға қарсы шаралар жүргізіліп жатыр", — деді ол. 

Әйелді жерлеу рәсімінен кейін марқұмның үйіне толығымен дезинфекция жасалады.

Соңғы жаңалықтар