Ауыл адамдары өз елді-мекеніне қалалықтарды кіргізбей жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауыл адамдары өз елді-мекеніне қалалықтарды кіргізбей жатыр

Ауыл адамдары өз елді-мекеніне қалалықтарды кіргізбей жатыр

Қырғызстанның Ош облысындағы Тоғайлы ауылының жастары қолдан тосқауыл бекетін құрды.

  • 1 Сәуiр 2020
  • 377
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы  zakon.kz turmush.kg сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ауылға басқа елді мекендердің тұрғындары, соның ішінде қонаққа келушілер кірмейді. Әкімдіктің рұқсат қағазы бар адамдар ғана ауылға кіре алады.

Біздің ауылымыздың қауіпсіздігі үшін ауыл жастары жиналып, ақылдасып, пост құрды. Бізде көпір бар, оның екі жағын шынжырмен жауып тастадық. Жастар күн сайын алмасып кезекшілік етеді. Алдымен 1989 жылы туған ауыл тұрғындары кезекшілікке кірісті. Қазір постта 1986 жылғылар тұр. Бекетте жай тұрмаймыз, ауылға кірген көліктерді зарарсыздандырамыз", — деді Адыл Қалилбайұлы.


Оның айтуынша, ауыл тұрғындары дезинфекцияға қажетті барлық материалдарды, соның ішінде хлорды да алып келген. Сонымен қатар, көшелерде жастар ауыл тұрғындарын үйде болуға шақырады.