"Неге жасырып отыр?": Вирус жұқтырған тараздық дәрігердің жазбасы министрлікті аяғынан тік тұрғызды
Елді елең еткізген дәрігердің жазбасы үшін Толқынай Ордабаеваны аяқтан алып жатқан секілді.
Бұл туралы дәрігер instagram желісіндегі парақшасына жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Қандай да бір жолмен менің кабинетімнен 400 маска табылды, ондай маска менде болған емес. Ал енді мені аяқтан шалу басталған сияқты. Енді басқаларын да қорқытатын болады", — деп жазған дәрігер.
Бұл жағдайға Денсаулық министрлігінің қатысы бар ма, жоқ па әзірге белгісіз.