ІІМ бір қызметкері коронавирус инфекциясын жұқтырған - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ІІМ бір қызметкері коронавирус инфекциясын жұқтырған

ІІМ бір қызметкері коронавирус инфекциясын жұқтырған

Бүгін ҚР президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин ІІМ бір қызметкері коронавирус инфекциясын жұқтырғанын мәлімдеді.

  • 9 Сәуiр 2020
  • 25
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы BAQ.KZ -ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазір оның жағдайы тұрақты, тиісті ем-дом алып жатыр. 530-дан астам адам вирус жұқтырғандармен байланыста болғандар қатарында. Олардың 30 шақтысы стационарлық карантинде жатса, 80 адам үй карантинінде. Тағы бірқатары емделіп шығып, жұмыстарын жалғастыруда. Қаза болғандар жоқ, — деді Юрий Ильин.

Ол сондай-ақ, коронавирус індетінің таралуына жол бермеу мақсатында қызмет етіп жүрген қызметкерлердің жалақысын көтеру мәселесіне тоқталды. 

Мемлекет басшысының коронавирус инфекциясын таратпау жолында күресіп жатқан медицина қызметкерлері мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің еңбекақысын көтеруге қатысты Жарлыққа қол қойғаны белгілі. Жетекшілерді қоспағанда қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жалпы жеке құрам қызметкерлерінің саны 52 мың адамды құрайды. Олар еңбекақыларына бір жалақы көлемінде қосымша көмек алады. Жалпы көлемі 6 миллиард теңгеден астам қаржы қызметкерлерге жұмсалады
,-деді ол.