Айжан Есмағамбетова: Мамыр айында коронавирус жұқтырғандар 4 мыңға жетуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Айжан Есмағамбетова: Мамыр айында коронавирус жұқтырғандар 4 мыңға жетуі мүмкін

Айжан Есмағамбетова: Мамыр айында коронавирус жұқтырғандар 4 мыңға жетуі мүмкін

Мамыр айының соңына дейін коронавирус жұқтырғандар саны 4 мыңға жетуі мүмкін. Мұны еліміздің бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова ОКҚ-да өткен баспасөз мәселихатында мәлімдеді.

  • 23 Сәуiр 2020
  • 30
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы "Адырна" ұлттық порталына сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазіргі уақытта Қазақстан эпидемияның өршу кезеңінде тұр. Жұқтыру деңгейі 8 пайыз шамасында. Болжамымыз бойынша, сәуірдің аяғына дейін 2700 адам, мамырдың соңына дейін 4 000 адам вирус жұқтыруы мүмкін", — деді.

Сондай-ақ ол инфекция ошақтарынан коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған 39 585 адамның анықталғанын айтты.


Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін бас дәрігер Біртанов індетке 3 500 адам  шалдығуы мүмкін екенін айтқан еді. 

Қазіргі кезде елімізде 2070 адам коронавирус жұқтырған. Жазылғандар — 505. Қайтыс болғандар — 19.