Үйіне қонақ шақырған ақтөбелік қамауға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үйіне қонақ шақырған ақтөбелік қамауға алынды

Үйіне қонақ шақырған ақтөбелік қамауға алынды

Үйіне қонақ шақырған Ақтөбе қаласының 30 жастағы тұрғыны қамауға алынды.

  • 23 Сәуiр 2020
  • 41
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлады. 

Төтенше жағдай режимі енгізілген күннен бері өңірде барлығы 853 құқықбұзушылық тіркелді. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің «Төтенше жағдай режимін бұзу» бабы бойынша 168 адам қамалды. Сонымен бірге 200-ден астам адамға айыппұл салынды. Бейберекет көшеде жүрген 400 адамға ескерту берілді. Ал «Төтенше жағдайда құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер» бабы бойынша 18 адам қамалған. Сотқа жіберілген материалдар да бар. Полиция блокпосттарды айналып өтпек болған адамдарды әлі анықтап жатыр. Барлығы өңірде 38 дерек тіркелген. «Полиция қызметкерлері «Құрмыш» шағынауданында тұратын 30 жастағы ер адамның карантин режиміне қарамастан өз үйінде қонақ қабылдағанын анықтады. Пәтер иесі мен оның 3 қонағына ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы 6-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Әкімшілік сот оларды 2 және 3 тәулікке әкімшілік қамауға алды», — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. Айта кетейік, қала ішінде жүруге рұқсат қағазы жоқ 130-дан астам жүргізушінің көлігі айып тұрағына қойылды. Қала тұрғындары ел ішіндегі шектеулербі қатаң сақтауға, үйде отыруға кеңес береді.