Бұл туралы Caravan.kz порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.
«Қазір "өтінім" кезеңдерінің бірінде тұрып қалу мәселесі толықтай шешілді. Өтінімге қатысты сауалдар өте аз. Барлық өтініш тексерілуде.
Қазір төлем тағайындалғанына бір аптадан астам уақыт өткенімен, қаражат көмек алушының есепшотына түспеуі жиі кездесуде. Бұған дейін айтқанымдай, ақша іс жүзінде бір күннің ішінде жіберіледі. Есепшотты қате көрсетсе түспейді. Көпшілік "мен бәрін дұрыс көрсеттім" дейді.
Алайда 930 мың өтінімнің есепшоты қате екені анықталған.
Кешігу себепері
1) Біз ақшаны сіздің банктегі есепшотыңызға 1 күн ішінде аударамыз.
2) Банк тексеріп, есепшот қате болса ақшаны 1 күн ішінде кері қайтарады .
3) Біз өзіміздің базамыздан ақшаны аудару үшін өтінім берушінің басқа қолданыстағы есепшотын іздейміз.
Мәселен, сіз басқа төлем алуыңыз мүмкін. Мұны сізді барынша мазаламау үшін жасаймыз. Бұған да бір күн кетеді. Соның нәтижесіне 900 мың есепшот таптық.
4) Егер тапсақ, ақшаны қайта жібереміз (1 күн). Кейде адамдардың басқа есепшотқа түсті деуінің себебі осында. Ақша жоқ деп айтпастан бұрын барлық есепшоттарыңызды тексеріп алуды өтінемін.
5) Егер таппасақ, СМС жібереміз (кеше мұндай 28 мың СМС жібердік). Оған жауап ретінде есепшот нөмірін жіберу қажет (1 күн).
Мұнан ары сіздің есепшотты қашан бергеніңізге байланысты. Өздеріңіз көріп отырғандай, процесс бір күннен көп уақытты алады. Бірақ, бұл төлем аударуда проблема орын алған жайттарда ғана», — деді ол.
Осы ретте вице-министр кез келген қызметтегідей бір нәрсе анықтау қажет болса, онда ол қосымша уақытты алатындығын баса айтады. «Бүгінгі күні төлем жасауға 4 197 336 өтінім қойылды. Оның ішінде 4 126 155 азаматқа төлем жіберілді. Қалған 71 181 өтініш бойынша азаматтардың есепшотына қаражатты дер уақытында аудару мақсатында жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұған дейін төленген төлемдер бойынша банктермен қосымша тексеру жүргізілуде. Біз бұл жағдайды күнделікті мониторингілеп отырмыз және қажет болғанда банктермен және процесске жұмылдырылған өзге де ұйымдармен бірден жұмыс істейміз», — деді Нариман Мұқышев.