Лоторея операторы болып табылмайтын тұлғаларға лоторея өткізуге тыйым салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лоторея операторы болып табылмайтын тұлғаларға лоторея өткізуге тыйым салынды

Лоторея операторы болып табылмайтын тұлғаларға лоторея өткізуге тыйым салынды

Мен де алдандым!

  • 30 Сәуiр 2020
  • 39
Фото - Caravan.kz


Елден 200 млн теңге жинап, желіде жалған ұтыс ойынын ұйымдастырған Ернар Айдар  жұрттан кешірім сұрап, өзі де опық жегенін айтып ақталуда. Әрине сену я сенбеу әркімнің өз еркінде ғой. Алайда лотереясын өткізіп,  қарапайым халықтың қалтасын қағып, байығаннан кейін  «тексермедім, білмедім» деп өзіне шаң жуытпаған бұл алғашқы әнші емес.  Бүгін Мәжіліс депутаттары  осы ұтыс ойындарына қатысты «Лоторея» туралы заңды қайта қарады.  Соған сәйкес, енді атаулы байқау ұйымдастырып, елді  алдағандар жауапкершілікке тартыла ма?

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
 
«Осы істің ақ-қарасын білмей, менің сыртымнан сынап-қаралап жатқан ағайынға Алла сабыр берсін»

Сабыр тілеуінің жөні бар.  Аңғал халық көлік, пәтер ұтамыз деп жиған-терген соңғы тиынына дейін берді.   Сенді.  Сөйтсе,  ұтысқа тігілген жүлде қоры жалға алынған, ал ұттыңыз деп хабарласқан жеңімпаздары жалған болып шықты.  Енді не ақша жоқ,   не уәде еткен жүлдесі жоқ, не әншіге деген сенім де қалмады.

ЕРНАР АЙДАР, ӘНШІ:
«Ұйымдастырушылардың барлығы қамауда. Қазір Алматы қаласының экономикалық тергеу департаменті тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сол тергеу амалдарының адал өтуіне мен де қолдан келгенше көмектесемін. Сол тірлікке жарнама жасаймын деп мен де алданып қалдым ағайын»

Ақшасынан қағылған халық әншіге сенді ме, жоқ па қайдам? Бір анығы қазір желіге кірсең, ұтыстан көп дүние жоқ. Жұрт әлі жаппай бақ сынап жатыр. Тіпті соңғы жаңалықтарға қарамастан,  атаулы  байқауларын ұйымдастырып, ұтыстарын жалғастырып  жатқан "жұлдызсымақтар" да жетеді. Есімдерін атамай-ақ қояйын.    Ал енді олардың лотореясы әділ өтеріне кім кепіл? «Тексермедім, білмедім» деп халықтан кешірім сұраған тек Ернар Айдар ғана емес қой.  

assylkhantolepov:
«Бізде ақшамызды салып қойдық. Біздің үйдің отбасынан 13 млн ақша кетті. Бізге де оңай соққан жоқ.»
aikyn:
«Очень сожалею. Только если кто-о из-за меня доверяя мне вложил свои деньги. Никто не думал что-так произайдет»

АСХАТ САДЫРБАЙ, ЖУРНАЛИСТ:
«Біздің көп өнер жұлдыздарымыз қазір табыс болса болды,  жарнама  болсын, лоторея болсын ойнатуға дайын тұр. Әлемдік дағдарыстың бір шеті Қазақстанға да тиіп жатқанын білеміз. Халық қазір өзінің күнін әрең көріп жүрген халық та бар. Олар әлгі жұлдыздарға сеніп 5-10 мыңға билетті сатып алады».  

Естеріңізде болса, осыдан екі ай бұрын  Мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлова қарапайым халықтың қалтасын қағып жүргендерге жазаны қатаңдататын заң жобасын әзірлеп, оны Мәжіліске алып келген-ді. Алайда сол кезде құжаттың олқы тұстары көп еді.  Ал бүгін құжат қайта қаралып, бір ауыздан мақұлданды.

ӘЛИЯ САПАРОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық  туралы кодексіне Лотарея операторы болып табылмайтын тұлғаның лоторея өткізген үшін бірінші әкімшілік құқықбұзушылық  кезінде айыппұл түріндегі жауаптылықты енгізу бойынша және жарнама туралы заңға лоторея операторы және лоторея операторы болып табылмайтын тұлғаларға лоторея өткізуге тыйым салынды»

Аталған заң жобасы енді Сенатта талқыланады. Сондықтан құжаттың заңдық күшке нақты қашан ие болатыны әлі басы ашық сұрақ күйінде қалып отыр.  Сол сияқты  Ернар Айдардың атаулы байқауына қатысқан халықтың 200 млн теңгесі де қашан қайтарылатыны әлі белгісіз. Анығы қазір тергеу басталып, кінәлі тұлғалар анықталып жатыр.