ҰҚК: Нұр-Сұлтанда әйел заңсыз есірткі зертханасын ашқан - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҰҚК: Нұр-Сұлтанда әйел заңсыз есірткі зертханасын ашқан

ҰҚК: Нұр-Сұлтанда әйел заңсыз есірткі зертханасын ашқан

Ұлттық қауіпсіздік комитеті заңсыз есірткі зертханасының жойылғанын мәлімдеді.

  • 20 Мамыр 2020
  • 26
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

2020 жылғы 13 мамырда ҰҚК-нің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті жасырын тергеу іс-қимылдарын жүргізу кезінде уақытша тұрғылықты жерінде синтетикалық есірткі жасауды және оларды "қойылма" деп аталатын жолмен сатуды ұйымдастырған С деген ҚР азаматын ұстады", — делінген хабарламада.

ҰҚК мәліметі бойынша, жасырын есірткі зертханасын тінту нәтижесінде шамамен 2 келі "A-PVP" синтетикалық есірткісі ("қара нарықтағы" құны шамамен 34 миллион теңге), орау материалдары, шыны құтылар, магнит араластырғыш, сорғылар, түтікшелер, шыны цилиндрлер, респираторлық бетперделер, электрондық таразы, 2 келі реагент, 40 литр әртүрлі прекурсор және зертханалық жағдайда психотроптық заттар жасау кезінде қолданылатын өзге де айлабұйымдар алынған.

Күдікті азаматша ҚР ҚІК 128-бабының тәртібінде Нұр-Сұлтан ПД УҰИ-ға қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.