Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы КТК арасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қайғылы жағдай сенбі күні түнгі 11 шамасында Шаған өзенінде болған. Жергілікті тұрғын су көлігінің астына түсіп қалса керек. Оның денесін винт бөлшектеп турап тастаған. Басы мен екі қолы әлі табылмай жатыр. Моторлы қайықтың кімге тиесілі екені де белгісіз. Иесі оқиға орнынан қашып кеткен. Содан бері таптырмай жүр. Қазір күдіктіні іздеу жұмыстары жүргізілуде. Ал дерекке қатысты іс қозғалып, тергеу басталды. Жасұлан Жұмашев, БҚО ТЖД бастығы: — Қайықтан құлап кетті ме, әлде шомылып жүрген жерінен үстінен басып өтті ме, ол жағын полиция анықтайды. Ал біз марқұмның дене мүшелерін ісдестіріп жатырмыз. Айта кетейін, осыған ұқсас жағдай 5-маусымда да болған.