Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
"Шынымды айтайын, мен осы жобаның қонағымын. Асқар бауырымды бірінші рет естіп отырмын, көріп те отырмын. Шыны керек, сіздің шығармашылығыңыздан бейхабарын. Лирикалық ән, диапазонды да көрсете білдіңіз", — деді Толқын Забирова.
Асқар Жүнісбековтың қолдаушысы болып келген телепродюсер Ақылбек Досжанов қазылар алқасында сынға алды.
"Адамды танымаймын деген өте дұрыс емес нәрсе. Сіз бағдарламада екі-ақ адамға әділ қазы боласыз. "Алдыңа шығатын адамды жарты сағаттың ішінде ютубтан қарауға болады ғой. Асқар сияқты азаматты "танымадым", — деген нәрсе өте ыңғайсыз нәрсе. Ақыл мен сын айтпас бұрын олардың шығармашылығын бір қарап шықсаңыздар", — деді Ақылбек Досжанов.