Тойға келген қонақтар мен жас келін коронавирус жұқтырды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тойға келген қонақтар мен жас келін коронавирус жұқтырды

Тойға келген қонақтар мен жас келін коронавирус жұқтырды

Өзбекстанда тойға келген 12 қонақ пен жаңа түскен келін коронавирус жұқтырып алды.

  • 21 Маусым 2020
  • 141
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Ташкент қаласының Юнусабад ауданында жергілікті тұрғын төрт күннің ішінде екі той өткізіп үлгерген.

Той-томалақ салдарынан 12 адам, сондай-ақ жаңа түскен келін де індетті жұқтырып алған.

Қазіргі уақытта осы тойда болған жүзге тарта адам коронавирусқа тесттен өткен. Сонымен қатар шараларға қатысқандардың бәрі – той иесінің отбасы мүшелері, туыстары мен онымен байланыста болған адамдар стационарлық және үй карантиніне жатқызылған.