Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Үкіметтік ведомствоның бірінің қызметкерлері Министрлер кабинетінде өткен жиында 2040 жылы адам өмірінде қандай өзгерістер болатыны жайлы баяндады. Айтылған болжамдар -White Paper ресми бағдарламаның бір бөлігі.
Осы жолы жапон ғалымдары 2040 жылға қарай жалпы адамзатқа ортақ сана пайда болатынын айтты. Одан бөлек адамдарда жануарлармен сөйлесу мүмкіндігі пайда болады, әсіресе, ит пен мысықтың тілін ұғатын болады. Ал мүмкіндігі шектеулі адамдар жаңа виртуалды жобалардың арқасында шаңғымен сырғанайтын болады.
Сонымен қатар, баяндамада фабрика мен құрылыс алаңдарында адамдар атқарып келген қызметті енді роботтар жасайтыны айтылған. Оған қоса роботтар ауыл шаруашылығында да жұмыс істеп, дәнді-дақылдарды егіп, оларды жинайтын болады. Ал дрондар өнімдерді сату орталықтары мен үйге жеткізіп отырады.