Алматы мен Нұр-Сұлтан дәріханаларында парацетамол бітіп қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы мен Нұр-Сұлтан дәріханаларында парацетамол бітіп қалды

Алматы мен Нұр-Сұлтан дәріханаларында парацетамол бітіп қалды

Қазақстанда дәріханаларда вирусқа қарсы дәрілер жоқ. Бірнеше күн ішінде тұрғындар парацетамол, аспирин және арбидолдың қорын сатып алған.

  • 23 Маусым 2020
  • 47
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Провизорлар мұны елде карантин қайта күшейтілсе, азаматтар дәрісіз қалып қоюдан жасап жатыр деп түсіндірді. Оның үстіне дәрігерлер симптомсыз науқастарға осы дәрілерді ішуге кеңес берді. Сондықтан қазақстандықтар үйдегі дәріханасын толтыруға асыққан.

Жұрт дәріхана алдында кезекке тұрғанмен, құр қол кетеді.

"Вирусқа қарсы ештеңе жоқ. Мен "Амизон" сұрадым — жоқ. Маған сол керек еді. Парацетамол жоқ, аспирин жоқ. Ештеңе жоқ", — деп бөлісті сатып алушы.

Фармацевттердің айтуынша, дәрілер бүгін бітіп қалған. Олар дәріханала сөрелерін толтыруға уәде етті. Демалыс күндері карантин болған соң дәрі сатып алып үлгермепті. 

"Екі күн демалыс болды ғой. Біз тапсырыс бере алмадық. Ал бүгін бәрі әкелінеді",
— деп сендірді дәріханадағылар.

"Егер бұрын біз күніне 50 парацетамол сатсақ, қазір 100-200, кейде одан да көп сатамыз. Бірнеше күннен бері дүрбелең болып тұр. Адамдар алып жатыр, үлгермейміз. Дистрибьютерлер де әкеліп үлгермейді. Сондықтан бізде де жоқ. Тапсырыс бердік, бірақ дәрілерді әкелеміз деген уәде бермеді. Бірақ ертең-ар күні жағдай реттеледі деген үміттеміз", — дейді Алматыда дәріхана меңгерушісі Бибигүл Әшірбаева.

Еске салайық, Нұр-Сұлтанның бас дәрігері Сәуле Қисықова симптомсыз науқастарға үйде парацетамол және аспиринмен емделу керек дегеннен кейін қазақстандықтар жаппай дәрі сатып алуға кірісті.