Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің біраз бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.
Новая Земля аумағынан келген солтүстік циклон елімізге жаңбыр әкеледі. Кей жерлерде нөсер жаңбыр жаууы мүмкін. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, кейін орталығы мен оңтүстік-шығысында жаңбыр жаууы ықтимал.
26 маусымда солтүстік-батыстан суық антициклон келеді. Түнде республиканың солтүстік бөлігінде ауа температурасы +2-7 және +10-ға градусқа дейін төмендейді. Күндіз ауа температурасы +12-17, кей жерлерде +20 градусты көрсетеді.
Еліміздің кей жерлерінде жел күшейіп, бұршақ жауып, дауыл соғуы мүмкін.