"Ауруханадан күніне 60 мәйіт шығарылады". Ақтөбеде хабарлама авторы іздестіріліп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ауруханадан күніне 60 мәйіт шығарылады". Ақтөбеде хабарлама авторы іздестіріліп жатыр

"Ауруханадан күніне 60 мәйіт шығарылады". Ақтөбеде хабарлама авторы іздестіріліп жатыр

Ақтөбе облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов тубдиспансерде күніне 50-60 науқас қайтыс болып жатыр деген хабарламаға қатысты пікір білдірді.

  • 1 Шiлде 2020
  • 49
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Әлеуметтік желілерді бақылау барысында WhatsApp мессенжерінде күн сайын туберкулез ауруханасынан 50-60 мәйіт шығатыны туралы ақпарат таратылғаны анықталды. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Хабарлама авторын анықтау мақсатында іс-шаралар жүргізіліп жатыр", — деді Нұрмағамбетов.

Департаменттегілер жалған ақпарат тез тарайтынын, салдарынан үрей туғызып, халыққа психологиялық зақым келтіретінін айтады.

"Жалған ақпарат таратқаны үшін Қылмыстық кодексінің 274-бабы ("Көрінеу жалған ақпаратты таратқан") бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Осы бап бойынша шындыққа сәйкес келмейтін интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілердегі ақпарат авторлары мен таратушылар жауапқа тартылады",
— деді Нұрмағамбетов.