Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Белгілі уағыз айтушы елге несімен есте қалды? Қандай атышулы мәлімдемелер жасады?
Сманов бірнеше жыл бұрын кредит алған адам анасымен зина жасаған күнә арқалайды деп елді шулатқан болатын.
"Пайыз алудың бір күнәсі өзінің анасымен жеті рет зина қылғанмен тең", — деген болатын марқұм.
Көпшіліктің ұстазы болған Әбдіғаппар Сманов билікті даттаған блогерлер туралы айтқаны да әлі ел аузында.
"Бізге Алла тағала сондай елбасыны беріп қойған. Иманды, бүкіл қызығатын да, қызғанатын да. Мына кейбір бұзғыншылар, тікелей елбасына әңгіме айтып, шырылдап жатыр ғой. Осы бес баланың өлімі ең бірінші біздің елбасымызға қатты тиді. Себебі, осы 1 айдан бұрын Сириядағы 70 отбасыны кім көшіріп келді? Өсек айтып жатқан мына блогерлер қайсысың бір тиын беріп қойдыңдар? Сириядағы 70 отбасыны бала-шағасымен кім алып келді? Оларға Қазақстанның бір тиын пайдасы жоқ еді, бірақ осы елбасымыз елім деп, қазағым деп жүрегі жылайтын азамат. Мына жазушылар, мына өсекшілер халықтың осындай нәзік жерін ұстап алып бес баланың үйін салып беру керек еді, анау еді, бұның барлығына елбасы кінәлі деп жазып жатыр. Елбасына, бүтін елге жаман көргізеп деп жатқан бұлардың Алла жазасын берсін", — деп сөзін аяқтады Әбдіғаппар Сманов.
Бұл марқұм Смановтың көптеген уағыздарының бірегейі ғана.