Қасым-Жомарт Тоқаев: Әкімдер мен министрлердің бәрі де жазаға лайық - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қасым-Жомарт Тоқаев: Әкімдер мен министрлердің бәрі де жазаға лайық

Қасым-Жомарт Тоқаев: Әкімдер мен министрлердің бәрі де жазаға лайық

 

  • 10 Шiлде 2020
  • 92
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бюджетке, экономика мен азаматтардың қауіпсіздігіне шынайы зиян тигізетін заңбұзушылықтарға баса назар аудару керектігін еске салды, деп хабарлайды Caravan.kz порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 

«Қазіргі жағдай құқық қорғау органдары тарапынан нақты шешімдер мен әрекетті талап етеді. Осынау күрделі кезеңде бюджетке, экономика мен азаматтардың қауіпсіздігіне шынайы зиян тигізетін заңбұзушылықтарға баса назар аудару керек», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында. Президент сонымен бірге кейбір әкім ескерту мен қатаң ескерту алғанын еске салды. «Жалпы бүкіл әкімдер мен министрлер осындай жазаға лайық. Алайда қазір біз әлеуметтік-экономикалық дамудың сыни кезеңінде тұрмыз. Үкімет пен әкімдерге дағдарыстан шығу үшін ойлы да батыл әрекет керек. Себебі дағдарыс ушығатын секілді. Бұл – әлемдік экономиканың болжамы. Ал Қазақстан оның бір бөлігі», — деді ол.