Продюсер Алакөлдегі демалысының қалай өтіп жатқанын Instagram желісіндегі парақшасында бөліскен.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
"5 ай бойы бәрімізге оңай болған жоқ, әлі де керемет болып кеткен түк жоқ. Бойымызға да біраз негатив пен стрессты жинап алдық. 3-4 күнге болса да, анда-санда келіп тұратын Алакөліме биыл бара алмаймын ау деп едім, Аллаға шүкір карантинде ашық болып, емдік қасиеті бар көліне суға түсу бұйырыпты. Қаншама жақсыларымыз бен жақындарымызды құлазытқан жүрегіміздегі жараны емдей қоймас, бірақ тірі адам тіршілігін жасайды ғой. Өздеріңізді де бір мезгіл ойлап қойыңыздар,бір адамның қайғысы, бір шаңырақты құлазытып жібереді. Аман болыңыздар, бар болыңыздар", — деп жазды ол.