Коронавирус: вице-министр бірінші кезекте кімдерге екпе салынатынын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Коронавирус: вице-министр бірінші кезекте кімдерге екпе салынатынын айтты

Коронавирус: вице-министр бірінші кезекте кімдерге екпе салынатынын айтты

Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова коронавирустан ең алдымен кімдерге екпе егілетіні туралы айтты.

  • 7 Тамыз 2020
  • 37
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазір ДСМ және Сыртқы істер министрлігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен COVID-19-ға қарсы вакцина алу бойынша келісім жасау мәселесін талқылап жатыр. Тек бірнеше өндіруші клиникалық сынақтың үшінші фазасына көшті", — деді Бюрабекова ОКҚ-дағы онлайн-брифингте.

Оның айтуынша, қант диабеті, қан қысымы жоғары, жүректің игемиялық ауруы сияқты диагнозы бар адамдарға коронавирус аса қауіпті.

"Біз вакцина жасау керек тұрғындарды санадық. Қазір ол 15 пайыздай, бірақ келісімде 20 пайызға дейін көтеруді жоспарлап отырмыз. Олар қауіпті топтағы адамдар, оның ішінде созылмалы аурулары бар адамдар да бар. Біздің статистикамыз бен анализдерімізге сүйенсек, қант диабеті, қан қысымы жоғары, жүректің игемиялық ауруы сияқты диагнозы бар адамдарға коронавирустың қаупі жоғары және пенвмония асқынып кетуі мүмкін.  Ең алдымен науқастардың осы тобына басымдық береміз",
— деді вице-министр.