TikTok қосымшасын қолданушылардың бірі бағдарлама арқылы Абайды тірілтіп жіберген, бұл әлеуметтік желі қолданушыларына ұнамай қалды, — деп жазады Caravan.kz медиа порталы.
Сынға ұшыраған бейнеролик Instagram желісіндегі "Skandal_qaz", — парақшасына жүкелген. Бұл видеоны көрген көпшілік қауым видеоны жасағандарды қатаң сынға алды.
"Бұл ұлы тұлғаны қорлау, олар кімнің көңілін көтермек?", "Ұят қайда, бұл ұлы тұлға Абай Құнанбаев қой", "Ұят емес пе, басқа ештеңе таппадың ба", "Ойнайтын нәрсені таукыпсың, қазақтың ұлы ақыны Абайды қорлауға шықтыңдарма енді", "Кешірім сұраған видеосын күтемін", — деп жазды желі оқырмандары.
Естеріңізге сала кетейік, биыл елімізде Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы өтіп, 10 тамыз күні — Абай күні болып бекітілген болатын.