Бұл туралы Caravan.kz порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлады.
«Жауапты хатшылардың орташа жалақысы бүгінде 685 мың теңгеден басталып, жұмыс өтіліне қарай 815-830 мың теңгеге дейін жетеді», — деді ол Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында. Оның атап өтуінше, жауапты хатшылардың бұдан арғы тағдырын тікелей министрлер шешеді. «Басқа министрлікке немесе ведмоствоға жіберу – бұл тікелей бірінші басшының өкілеті. Қасым-Жомарт Кемелұлы бұл мәселеге қатысты нақты ұстанымын, бірінші кезекте жауапкершілік мәселесін айқындап берді. Әрбір министрлікте жауапкершілік министрдің өзіне жүктелуі тиіс. Бүгінде жауапты хатшы институты 15 министрлікте бар және аппарат басшыларының қызметтік міндеті «Мемлекеттік қызмет туралы» заңда нақты жазылған», — деді Ералы Тоғжанов.