Ақтөбеде инфекциялық жаңа аурухана салынады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде инфекциялық жаңа аурухана салынады

Ақтөбеде инфекциялық жаңа аурухана салынады

Ақтөбе қаласында 200 керуеттік инфекциялық аурухана салынады. Қазір жобалау жұмысы қолға алынған.

  • 4 Қыркүйек 2020
  • 16
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«Облыс орталығында 200 керуеттік инфекциялық аурухана салынатын болды. Нысанды жобалауға облыстық құрылыс басқармасына тапсырыс енгізілді. Жыл соңына дейін жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтіп, бекітілуі тиіс. Күзге дайындық жұмыстары барысында облыста инфекцияны емдеуге қосымша орындар, оның ішінде жансақтау керуеттерін жасақтап, қажетті медициналық құралдармен жабдықтап жатырмыз», — деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Самат Данияров.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда медициналық инфрақұрылымды дамытуға тапсырма берді. Ел аумағында 13 жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы салынады. Ал 2025 жылға қарай денсаулық сақтау саласына арналған 20 заманауи көпсалалы нысан пайдалануға беріледі.