Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Тамара Асардың Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Әнші "Маңғыстауда Бекет АТА атты ғаламат әулие бар… Қасіретке толған талай жүректі жұбатып, қасиетімен талай құлазыған көңілдерді көкке көтерген… Аруағыңнан айналып кетейін “Атам-ау” аяғым жете алмаған кезде де, аузыма атын алсам, болды, өзіне қарай жайған қолымды құр қайтармаған жер бұл… Келген сайын, ризашылықпен, алғысымның мөлтілдеген көзімнің жасына булығамын,ентігімен,қара тер боламын. Қанша білімнің бұлағына сусындасамда, қанша психологияны терең оқысам да, осы жердің жұмбағын таңқаламын, бас иемін. Шүкір Аллаға. Осы сөздерімді оқыған жанды да Алла қолдап, Ата оңдап жолы ашыла берсін", — деп жазба қалдырды.
Бірақ, Тамара Асардың бұл жазбасы көпшілік қауымға ұнамай қалып, оны “Аллаға серік қостың”, — деп жазғыруда.
"Жаратушыдан неге сұрамайды осы адамдар сонда өлген адам не береді", "Аллах тағала тұрғанда қандай Бекет ата", "Не тілесеңде бір Алладан тіле Аллаға серік қоспа", "Ниетіңіз қабыл болсын ғой, бірақ ата жолыңды оңдасын дегеніңіз болмайды. Ағаштан жапырағыда Алланың қалауынсыз түспейді", "Аллаға серік қосады екенсіз! Адамды Алладан басқа ешкім қолдамайды да, қорғамайды да! Бұл атаңыздың өзінің о дүниедегі жағдайы не боп жатқанын Алла ғана біледі", — деп пікір білдірді желі оқырмандары.