Гүлзира Айдарбекова:” Оларға Мекке қызық па әлде Қайрат па?!” - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Гүлзира Айдарбекова:” Оларға Мекке қызық па әлде Қайрат па?!”

Гүлзира Айдарбекова:” Оларға Мекке қызық па әлде Қайрат па?!”

Отбасымен Ақтау қаласында демалысын өткізген Қайрат Нұртас қонақ үйлердің бірінде төбелес шығарғаны рас па?!

  • 28 Қыркүйек 2020
  • 3979
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Қайрат Нұртастың Ақтау қаласындағы қонақ үй күзетшісінің мұрынын бұзғаны туралы ақпарат тараған болатын. 

Гүлзира Айдарбекова бұл қауесетке "Опмай-опмай" бағдарламасында нүкте қойды.

"Жалпы қазір Қайраттың атын шығарып ақша жасағысы келетіндер көп қой. Ақтаудағы төбелеске Қайраттың қатысы жоқ. Қонақ үйге бір азамат гүл беруге келген екен, соны Қайрат алайын десе күзетші жаңағы гүл әкелген азаматты кіргізбей қойыпты. Сонымен жүйкесі тозған күзетші сияқты Қайратпен ерегескен. Қайрат ешкімді ұрмаған, тек өзін қорғаған. Енді ол жерде Қайраттың аты болғандықтан, ақша жасаймын деп ойлаған ғой. Бірақ Қайрат мен ешқандай ақша бермеймін, менің кінәм жоқ. Дәлел видеолар тұр, бейнебақылауда деп айтты." — дейді
Гүлзира Үсенқызы.

Қазір бәрі Қайратты жаман атты қылуға асық екенін айтқан продюсер ана бір оқиға айтып берді.

"Көбінесе хэйтерлер жаман атты еткісі келіп, неше түрлі нәрселер жасауда. Айтпағанды айтты деп, жасамағанды жасады деп. Тіпті Мекке қаласында жүргенде таң қалғаным бар. Қайрат бізді тасты сүйсін деп алып-ұшып әрекет жасап жүр, ал адамдар Қайратты телефондарына түсіріп тоқтамайды. Сонда оларға Мекке қызық па әлде Қайрат қызық па соны өзімде түсінбей қалдым. Құлшылық жасап, уақытты пайдаланып қалудың орынына Қайратты видеоға түсіріп тұр. Адамдарға таң қалам. Бәрі күйе жағуға дайын тұрады. Бәрін бір Аллаға тапсырдым" — деп сөзін аяқтады.