Нұр-Сұлтанда кинотеатрлар қашан ашылуы мүмкін? - kaz.caravan.kz
  • $ 441.66
  • 475.14
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
5 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұр-Сұлтанда кинотеатрлар қашан ашылуы мүмкін?

Нұр-Сұлтанда кинотеатрлар қашан ашылуы мүмкін?

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева кинотеатрлар қашан ашылуы мүмкін екенін айтты.

  • 29 Қыркүйек 2020
  • 20
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Айтуынша, кинотеатрлардың қызметіне рұқсат беру мәселесі ведомствоаралық комиссияның отырысында шешіледі.

"Бізде карантин талаптары кезең-кезеңмен жеңілдетіліп жатыр. Жеңілдетудің келесі кезеңі ведомствоаралық комиссияның отырысында талқыланады. Онда бұдан кейінгі жеңілдету мәселесі шешіледі. Бұл келесі аптада болатын шығар, бәлкім", – деді Пірәлиева онлайн брифингте.

Айта кетейік, Қазақстанда кинотеатрлардың жабылғанына жарты жыл болды. Шығынға батқан бизнесмендер банкротқа ұшыраудың алдында тұрғанын мәлімдеген еді.


 

Соңғы жаңалықтар