"550 мың теңгеге жетеді": дәрігерлердің орташа жалақысы артады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"550 мың теңгеге жетеді": дәрігерлердің орташа жалақысы артады

"550 мың теңгеге жетеді": дәрігерлердің орташа жалақысы артады

Медицина қызметкерлері еңбекақысын арттыру денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасында қарастырылған

  • 16 Қазан 2020
  • 31
Фото - Caravan.kz

 Қазақстанда 2025 жылға қарай дәрігерлердің орташа жалақысы 550 мың теңге болады. Бұл жайында республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының бас директоры Қанат Төсекбаев мәлімдеді, деп хабарлайды  Caravan.kz порталы Sputnik Қазақстан.-ға сілтеме жасап.

Оның айтуынша, бұл денсаулық сақтау саласын дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасында қарастырылған.

"Мемлекет басшысы 2023 жылға қарай дәрігердің орташа жалақысының экономикадағы орташа жалақыға арақатынасын 2,5 есеге жеткізу міндетін қойды. Әлеуметтік қолдау шаралары жүйесі арқылы дәрігердің және жалпы медицина қызметкерінің мәртебесін көтеру қажет. Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, жалақыны көбейту көзделген. Шамамен 550 мың теңге болады. Қазір дәрігердің орташа жалақысы – 258 708 теңге", — деді брифинг барысында Төсекбаев.

Айтуынша, 2018 жылдан 2020 жылға дейінгі аралықта орта медицина қызметкерлерінің жалақысы артқан.

"2018 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі кезеңде орта медицина қызметкерінің жалақысы артты. Дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлер үшін еңбекақының орташа өсімі шамамен 56-60%-ке жетті", — деді республикалық орталықтың басшысы.


Сондай-ақ, Төсекбаев брифинг кезінде медицина мамандары тапшылығы мәселесіне де тоқталды.

Ресми ақпаратқа сәйкес, 2020 жылдың 15 шілдесіндегі жағдай бойынша елімізде 5 201 дәрігер жетіспеді. Әсіресе, Қостанай облысында 624 орын бос тұрды. Жас мамандарды бөлгеннен кейін кадр тапшылығында оң өзгеріс байқалған. Осылайша, 10 қыркүйектегі жағдай бойынша кадр қажеттілігі 1 079-ге төмендеді. Алайда әлі де 4 122 орын бос тұр.

"Ең үлкен тапшылық анестезиолог-реаниматолог, терапевт, жалпы практика дәрігерлері, зертханашы дәрігерлер, акушер-гинеколог, инфекционист мамандықтары бойынша байқалады", — деді орталық басшысы.

Сонымен қатар Қазақстанда 8 583 орта медицина қызметкері (санитар, фельдшер, медбике) жетіспейді.