Босқын атанған тағы бір қазақ және монғолдарға ұнамай қалған қазақ бизнесі: Өзбек БАҚ-тары Қазақстан туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Босқын атанған тағы бір қазақ және монғолдарға ұнамай қалған қазақ бизнесі: Өзбек БАҚ-тары Қазақстан туралы

Босқын атанған тағы бір қазақ және монғолдарға ұнамай қалған қазақ бизнесі: Өзбек БАҚ-тары Қазақстан туралы

Орталық азия елдері мен өзбек басылымдары Қазақстанды үнемі жіті бақылап отырады.

  • 3 Қараша 2020
  • 180
Фото - Caravan.kz

Өткен аптада өзбек басылымдары еліміздегі дизель отынын импорттау  мәселесі мен Қытайдан қашқан тағы бер екі қазақтың босқын мәртебесін алғанына барынша тоқталыпты. Көрші елдің басылымдарына Caravan.kz медиа порталы шолу жасап көрді.

Қазақстан дизель отынын импорттауға тыйым салуды ұзартады

Қазақстандық шенеуніктер дизель отынын импорттауға тыйым салуды келесі жылдың сәуіріне дейін ұзартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазуда qalampir.uz порталы

«Қысқы отынды қоспағанда, дизельдік отынның импортына тыйым салуды келесі жылдың сәуіріне дейін ұзартуды жоспарлап отырмыз. Соңғы нақты шешім әлі қабылданбағанын атап өткім келеді. Алайда ішкі нарықты дизель отынымен толтыруға жағдай бар», — деді Нұрлан Ноғаев.

Ол ел үкіметі коронавирус пандемиясы кезінде қоймалардағы артық заттарды жою бойынша шаралар қабылдағанын атап өтті. «Нәтижесінде біз зауыттарымыздың жабылуына жол бермедік және ішкі жанар-жағармай нарығындағы тепе-теңдікті сақтадық», — деп түсіндірді министр.

Қазақстандағы мен бірлесіп салынатын зауыттың пайдасы жоқ

Монғолия Премьер-министр Ухнаагийн Хурелсухтың Қазақстанға сапары кезінде алтын өңдейтін фабриканы бірлесіп салу туралы келісімге қол қойылғаны және зауыт төңірегінде мәселе қозғалды. «Эрдэнес Монгол» ААҚ бас директоры Д.Хаянхярваа аталған жобаны тиімсіз деп атады.

Бұл жайлы centralasia.media жазды

— Ашығын айтқанда, бұл жоба пайдасыз. Біз алтынды Швейцарияға жібереміз және оны әр келісін 1 доллардан тазартамыз. Біздің еліміздегі осы зауыттың құны бір келі үшін 2 АҚШ долларын құрайды. Мұндай бизнестің болуы мүмкін емес немесе біз қазақстандық тараппен қайта келіссөз жүргіземіз. Немесе біз басқа елдерден алтынды тазартудың жаңа технологияларын зерттеп, үкіметке ұсынамыз.


Қазақстан Шыңжаңнан келген тағы екі қазаққа босқын мәртебесін берді

Қытайдан келген этникалық қазақтар — Қайша Ақан мен Багашар Мәлікұлы да Қазақстанда босқын мәртебесін алды, деп хабарлады «Нағыз Атажұрт» қауымдастығы өзінің Facebook парақшасында, деп жазды fergana.news.

Қайша Ақан — Шыңжаңның Іле-Қазақ автономиялық ауданының тумасы. Ол 2019 жылдың көктемінде Қытайдан Қазақстанға «қайта тәрбиелеу лагеріне» жіберілуден қорқып қашып кетті. Тамыз айында Ақанның өзі шекарашыларға шекарадан заңсыз өткенін айтты. Ол Қытайға шығарылмай-ақ алты айға шартты түрде бас бостандығынан айырылды,

38 жастағы Багашар Мәлікұлы тұруға ықтиярхат пен оралман куәлігін алып, 2015 жылы Қытайдан Қазақстанға көшіп келген. 2016 жылдың қарашасында ол Шыңжаңға ата-анасымен кездесуге барды, оны ұстады, құжаттарды тәркілеп, бірнеше рет жауап алды. Бұдан әрі қудалаудан қорыққан Мәлікұлы 2017 жылдың қаңтарында шекараны жаяу кесіп өтіп, Қазақстанға қашып кетті.

Осы айдың басында Қытайдан қашып келген Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлы босқын мәртебесін алды.