Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстан Жастар конгресі ұйымдастырған "Жаңа жағдайдағы жастар: іс-қимыл кезеңі" онлайн-форумында белгілі болды.
Форумға Нұрсұлтан Назарбаев Қорының директоры, Қазақстан жастар конгресі Кеңесінің төрағасы Дариға Назарбаева, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, Қазақстанның барлық өңірлерінен жоғары оқу орындары мен колледждердің 500-ден астам студенті қатысты.
Интернет-конференциялар сериясын ашатын форум барысында Дариға Назарбаева: «Біз пандемия тез аяқталмайтынын және бүгінгі жағдайда ұзақ уақыт әрекет етуге дайын болу керектігін жақсы түсінеміз. Бұл біз үшін бұл қолдауды қажет ететіндерге көмектесуді жалғастыру дегенді білдіреді. Яғни қауіпсіздік ережелерін үйрену, өзіне және айналасындағыларға жауапты болу, үздік тәжірибені жан-жақты қолдау, оны жастарға ұсыну. Қазір елге қарапайым және нақты шағын істер қажет – әркім өз орнында үлес қосуы керек. Осы орайда ұйымдастырылған диалог алаңдары жастарға құнды тәжірибе беруге, ментальді түрде байытуға, күштірек болуға және табыстарға жетуге мүмкіндік береді».
«Жаңа жағдайдағы жастар: іс-қимыл кезеңі»білім беру жобасы үш диалог алаңынан тұрады – «Online Bilim», «Online dialog», «Open talks». Олардың жұмысы осы жылдың 9 қарашасы мен 8 желтоқсаны аралығында ұйымдастырылады.
Алаң жұмысына қатысқан жастар білікті жаттықтырушылардың, сарапшылардың, мемлекеттік мекемелер мен ҮЕҰ басшыларының көмегімен өздерінің кәсібилігін арттырып, жаңа құзыреттерге ие бола алады.
Диалог алаңдарының тақырыптары түрлі бағыттарды қамтиды. Мысалы «Online bilim» – волонтерлік қызметке, ақпараттық технологияларға, жастар кәсіпкерлігіне, жеке дамуға арналған.
«Online dialog» жұмысы аясында қоғамның өзекті мәселелері талқыланады. «Open talks» – табысты іске асырылған идеялар мен стартап-жобалар туралы.
Алаң жұмысына қатысу үшін jascongress.kz сайттында тіркелу қажет. Қосымша ақпарат алу үшін +77077314553 телефонына хабарласыңыз.
Онлайн-форум аяқталғаннан кейін Дариға Нұрсұлтанқызы “«Birgemiz» республикалық еріктілер фронт-офисіне барды. Кеңсенің, сондай-ақ оның аймақтық бөлімшелерінің жұмысымен танысқан ол, пандемия кезінде адамдарға қолдау көрсетуге еріктілердің қосқан үлесін, ТЖ мен карантин кезінде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде баға жетпес көмек көрсететін жастардың жұмысын жоғары бағалады.