Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы "Қателік" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Оның айтуынша, қазіргі балалардың мектепке, білімге деген махаббаты жоқ.
"Мектептегі оқулықтан бастап барлығы дайындалуы керек. Мектепте оқып келген нәрсесін университетте жалғастыру керек. Сол кезде бала өзінің ыңғайын танытқан нәрсесін таңдап алып, ар жағынан ғылым жасауы мүмкін. Балалардың мектепке деген махаббаты жоқ, білімге деген махаббаты жоқ. Ондай адамнан ғылым жасау мүмкін емес", — деді Айтуған Мұқашев.